12.12.2018, 17:14
Қараулар: 497
Мұрағаттық қорлармен танысты

Мұрағаттық қорлармен танысты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихымыз бен мәдениетімізге қатысты бірқатар жобалары іске асыруға нақты тапсырмалар берген болатын. Сол жобалардың бірі ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауды ұсынды. 

Бүгін Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Қаратөбе аудандық мемлекеттік архивінің жұмысымен танысты.

Архив – ғылымның барлық саласына қатысты құжаттардың көзі, халқымыздың өшпес мұраты, еліміздің байлығы, асыл қазынасының бірі.

Оқушыларға архив жұмысының  сырын ашқан Қаратөбе ауданының мемлекеттік архивінің директоры Нұрзия Соқатова:

  • Аудандық мемлекеттік архивінде 109 қор (оның 30-ы жеке тектік қор), 18484 сақтау бірлігі тұрақты сақталуда. Жеке тектік қорларда 345 сақтау бірлігі, 1215 есептеу бірлігі  бар. Сонымен қатар архивте 57 бейнежазба және 809 фото-суреттер қорлары жинақталды. Архив деректерін тек жинап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен халыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшеді деген сенімдемін, — деді. 

Сонымен қатар Қаратөбе ауданының құрылғаннан бергі тарихына шолу жасаған оқушыларға тың мағлұматтар айтылды.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы