6.06.2018, 21:39
Қараулар: 102
Облыс әкімі «Қоржын» мал сою кешенінде болды

Облыс әкімі «Қоржын» мал сою кешенінде болды

Өңір басшысы аялдаған нысанның бірі – «Қоржын» мал сою кешені. Аусымына 30 бас ірі қара соятын мал сою қосыны мен 500 басқа арналған мал бордақылау алаңы, мал өнімдерін сапалы дайындау, жоғары сапалы ет өнімдерін өндіру мақсатын көздейді.

 

Былтырғы жылы пайдалануға берілген нысанның жоба құны 118,0 млн. теңгені құрайды. Нысан құрылысының 70 пайызын «Халық Банкі» қаржыландырса, 30 пайызы жеке меншік қаржы көзінен қарастырылған.

Аудан халқын сапалы мал өнімі етпен қамтамасыз етіп отырған кешен ветеринариялық талаптарға сай лабороториялық құралдар, ет сақтайтын мұздатқыш бөлмелері, тоңазытқыш, мал дәрігері бөлмесі, зертхана т.б. кабинеттермен жабдықталған.

Мал сою жұмыстары ветеринарлық-санитарлық талапқа сай жүргізілетін нысан жұмысымен таныстырған «Қоржын» шаруа қожалығының жетекшісі Құсайын Мұқанов:

– Алтай Сейдірұлы құрылыс жұмыстарының басталуына куә болған мал сою кешені желтоқсан айында жұмысын бастаған еді. Мал сою қосынында бордақылауда тұрған жылқы, ірі қара, қой малдарын сойып, етін халыққа сапалы түрде ұсынамыз. Кешенде 13 жұмысшы жұмыс атқарады. Күніне 30 бас мал сойылып, 7-8 тонна ет өндіріледі. Мал еті Атырау, Ақтөбе және аудан басындағы дүкендерге де жеткізілуде, — деді кешен қожайыны.

 

 

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы