15.02.2019, 18:08
Қараулар: 437
Пилоттық жоба зерделенді

Пилоттық жоба зерделенді

Бүгін Қаратөбе аудандық сотының ұйымдастыруымен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерінің, билер кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің, кәсіби емес медиаторлардың қатысуларымен «Қазіргі заманғы сот төрелігі жүйесіндегі отбасылық сот» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Аталған жиында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, кейбір заңнамалық актілерге отбасылық сот құру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар жобасын зерделеу және ұсыныстар  енгізу төңірегінде әңгіме өрбіді. 

Аудандық сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірова дөңгелек үстелге қатысушыларды «Отбасылық сот» пилоттық жобасының мақсат-міндеттерімен таныстырды.

Б.Шабайқызы  дөңгелек үстелдің күн тәртібіндегі мәселе «Отбасылық сотты» енгізудің мақсаты –  отбасы құқығын қорғау, құндылықтарын сақтау, отбасылық дауларды мейілінше татуластыру рәсімдерін қолдана отырып бітімгерлікпен шешу екендігін айтты. Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандардың ата-анасының келісімінде өмір сүруіне, олардың тұлға ретінде қалыптасуына жәрдемдесумен қатар отбасын сақтап қалу  мақсатында психолгиялық көмек көрсету мен отбасылық құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығын тілге тиек етті. Осы мақсатта аудандағы үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінің, кәсіпқой емес медиаторлардың, полиция бөлімі мен жергілікті полиция қызметі өкілдері және психолог мамандардың қатысымен бірлескен іс-шараларды жиі өткізудің тиімділігін алға тартты.

Дөңгелек үстел барысында сөз сөйлеген аудандық қоғамдық келісім комиссиясының төрағасы, билер мүшесі Мәулен Қожахметов пен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде өз пікірлерін ортаға салды.

Алқалы жиынға қатысушылар  «Отбасылық сотты» енгізудің қоғам үшін маңыздылығына тоқталып, бұл мәселені бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.

                                                                      Ерболат РАЙСОВ,

                                                                     Қаратөбе ауданы