28.02.2019, 17:03
Қараулар: 18
Полиция бөлімінде фронт-офис жұмыс жасайды

Полиция бөлімінде фронт-офис жұмыс жасайды

Қаратөбе аудандық полиция бөлімінде жыл басынан фронт-офис ашылып, жұмыс жасауда. Олардың өзі де «Азаматтарды қабылдау» кеңсесі болып табылады. 

Мұнда кесте бойынша күн сайын полиция бөлімінің қызметкерлері кезекшілік жасап, құқықтық консультациялар береді.

Фронт-офисте өтініш берушілерге, ақпарат алушыларға, жалпы алғанда полиция қызметіне жүгінгісі келген кез келген тұлғамен тікелей қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік мол.

Фронт-офис жұмысы – халық пен тәртіп сақшылары арасындағы көпір болмақ. Яғни, халық қажетті ақпаратты алып, құқық қорғау органының қызметіне қатысты кез-келген мәселе бойынша кеңес сұрай алады.

Тәртіп сақшыларының заман талабына сай енгізген бірегей жобасы халықтың полицияға деген сенімін арттыра түспек.

Азаматтарды қабылдауға бөлімнің полиция қызметкерлері арасында кесте жасақталып, арнайы  қабылдаулар өткізеді. 27 ақпан күні қабылдау өткізген Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің қызметкері, полиция аға лейтенанты Жанаргүл Ғарифоллақызына сұрақтарын қойып, кеңестер алуға жыл басынан бері 20 адам жүгініп оң жауаптар алды.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы