9.08.2019, 17:37
Қараулар: 759
Полиция бөлімінің есебі

Полиция бөлімінің есебі

Бүгін ағымдағы жылдың 6 айы ішінде аудан  бойынша  тіркелген  қылмыстарды  дер кезінде ашу, алдын алу  және қоғамдық  тәртіпті  сақтау  бағытында атқарылған жұмыстары жөнінде аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция капитаны Алмаз Елбаев тұрғындар алдында есеп берді.

 

 

 

 

 

 

Аудандық мәслихаттың мәжіліс залында өткен есептік жиналыс аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтанның төрағалығымен өтті.

Жиын барысында сала жұмысының 6 айлық есебін баяндаған аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Алмаз Елбаев:

– Есептік кезеңде, яғни 2019 жылы барлығы 42 қылмыстық оқиға тіркеліп, 67 қылмыстық іс өнідіріспен аяқталды. Қылмыстың ашылу 100 пайызды  құрайды, өндіріспен ашылмауына байланысты тоқтатылған істер болған жоқ.

Биылғы жылдың жарты жылдығында аудан көлемінде мал ұрлығы бойынша  7 қылмыс тіркеліп, 30 іс аяқталып, толықтай ашылды.

Ауданы бойынша ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысымен ашылмай қалған қылмыстар жоқ, — деді.

Сондай-ақ Елбасының тапсырмасына сай жергілікті полиция қызметі бөлімі бойынша аудан аумағында, қылмыстың алдын алып, құқықтық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында «Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» қағидасы бойынша аудан көлемінде «Құқықтық тәртіп», «Автобус», «Браконьер», «Борышкер», «Киік», «Қауіпсіз жол», «Тұрмыс», «Шеп», «Түнгі қаладағы балалар», «Қолайсыз отбасы» сынды бірқатар алдын алу іс-шаралары өткізілгендігін де атап өтті.

Ауданда «Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» қағидасы бойынша Қаратөбе АПб-нің ЖПҚб-нің УПИ-ы 6 ай қорытындысы бойынша  411 әкімшілік хаттама толтырылған көрінеді.

Халық алдындағы есебі барысында Алмаз Амангелдіұлы аудандық полиция бөлімінің тергеу саласының, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекциясының, көші-қон полициясы  тобы қызметі, жол және техникалық қадағалау тобы, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Жиналыс барысында сөз сөйлеген Қаратөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Бекболат Бердіғалиев халыққа түсінік жұмыстары жүргізілсе де, мал бағымын ұйымдастыруға тұрғындардың немқұрайлы қарайтындығын тілге тиек етті.

Есептік кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлы мал ұрлығының алдын алу бағытында, көлік құралын басқарушылардың мәдениетін көтеру, ауыл тазалығын сақтау бағытында жұмыстарды қолға алу бағытында ұсыныстарымен бөлісті.

 

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы