27.11.2018, 19:06
Қараулар: 345
Президент күніне арналған кеш

Президент күніне арналған кеш

 Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Кемел келешекке – кемеңгер Елбасымен» атты әдеби сазды кеш өтті.

Салтанатты шарада алдымен  Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалды. Мерекелік кеште елі үшін елеулі еңбек сіңіріп жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына арналған бейне көрсетілім көрсетілді.

Алғаш сөз алған «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Нұр Оразов кеш қонақтарын айтулы мерекемен құттықтап, Елбасының сарабдал саясаты турасында ой қозғады.

Әдеби сазды кеште Қаратөбе колледжінің студенттері Тұңғыш Президентке арналған өлең шумақтары орындап берді. Сонымен қатар Райымбек Рақымғалиев «Қазақ жастары» әнін шырқаса, Марина Каримова қазақ биін билеп кештің шырайын кіргізе түсті.

Сазды кеш қорытындысында  «Елбасы мұраты – ел бақыты гүлденген Қазақстан» атты көрмесі тамашаланды. Онда Мемлекет басшысының 1990-2013 жылдар аралығындағы қызмет хроникасы, Елбасының ерен еңбектері, Президент туралы очерктер, фотосуреттер қойылған. Көрмені кітапханашы Құрманай Ғатауов таныстырды.

 

 

 

 

 

 

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы