9.04.2019, 16:21
Қараулар: 64
Президент үндеуін қолдаймыз

Президент үндеуін қолдаймыз

Мәулен САЛАХАДЕН,

Қаратөбе колледжінің директоры:

 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге және әрқайсымызға қатысты маңызды Үндеу жариялады. Конституцияға сай Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетіндігі туралы шешім қабылдағанын, сайлаудың ағымдағы жылдың                               9 маусымында өтетіндігін айтты. Мемлекет басшысы бұл шешімді Нұрсұлтан Әбішұлымен, спикерлермен  ақылдасып кеңесе отырып  шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Президент сайлауы – кезектен тыс болса да еліміз үшін өте маңызды әрі қажетті деп ойлаймын. Жоғары билік ауысып, ел басқару ісінде де көптеген өзгерістер болып жатыр. Оның барлығына халқымыз түсіністікпен қабылдауда. Бұның бәрі еліміз үшін жасалып жатқан жаңаша қадамдар деп айтуға болады. Себебі қазір ел болып тарихи кезеңдерді басымыздан өткеріп жатырмыз.

Осы тарихи кезеңдерде еліміздің ауызбіршілігі мен ынтымағы біртұтас болса, еліміздің бірлігі нығайып, халықтар достастығы артады деп сенемін. Себебі, әлемде болып жатқан түрлі саяси жағдайлар біздің елімізге көлеңкесін түсірмеуі керек. Солардың алдын алу мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Отанымыздың қауіпсіздігі ең басты  мәселе болуы керек. Алдағы болатын Президент сайлауы да соның дәлелі іспетті. Ал Президентті халық өзі еркін сайлауы тиіс. Біз де Президент сайлауының әділ, таза, ашық өтуіне атсалысамыз деп айтамын.