28.03.2019, 15:57
Қараулар: 77
Саралжындықтар әлеуметтік көмек туралы кеңес алды  

Саралжындықтар әлеуметтік көмек туралы кеңес алды  

 

            Наурыз айының 27-сі күні аудан әкімі Жанат Асылханұлы,  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Қайырқұлұлы Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде халықтың аз қамтылған осал топтарының табыстарын арттыру және әл-ауқатын жақсарту бағытында алға қойған тасырмаларын орындау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек туралы Саралжын ауылдық округінің халқына түсінік жұмыстарын жүргізіп, ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.      

Жиналысты аудан әкімі Жанат Асылханұлы кіріспе сөзбен ашып, күн тәртібіндегі мәселеге тоқталды.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқалидың атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы, төленуі және білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала қызметкерлерінің, мемлекеттік қызметшілердің, кіші қызметкерлердің еңбек ақыларының көтерілетіндігі туралы және жаңа өзгерістер турасында айтып өтті. Бөлім басшысының хабарламасын тыңдаған ауыл тұрғындары Жанар Сұлтанқұбиева, Айгерім Әсетова, Жанаргүл Ғұмарова, Жайнагүл Шанашева бөлім басшысы Бақытжан Қайырқұлұлына көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды.

    Округ әкімі Жасұлан Махсотұлының айтуынша қазіргі таңда округте атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 8 отбасы болса, алдағы уақытта бұл айтулы көмекті алушылар саны артпақ.

Жиналысты қорытындылаған аудан басшысы Ж.Асылханұлы атаулы әлеуметтік көмектің маңызы мен мақсатына тоқталып, ауыл тұрғындарының сауалдарына байланысты кеңінен түсінік берді.

Округтегі аталмыш жиынға аудан әкімінің көмекшісі Мұхтар Шайжанов, аудандық жер қатынастары және аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшылары  Гүлзира Серікқызы мен Аслан Асқарұлы қатысты.

Жиналыс барысында  аудандық жұмыспен қамту орталығының жауапты қызметкері А.Көлбаева ауыл тұрғындарының өтініштеріне қатысты кеңес беріп отырды.                     

 

 

 

 

 

Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                                   Қаратөбе ауданы