15.02.2019, 19:21
Қараулар: 370
Саятшылық өнер дәріптелді

Саятшылық өнер дәріптелді

 Бүгін Ақтайсай ауылында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары шеңберінде саятшылық және тазы баптау дәстүрі дәріптелді.

Саятшылық яғни құс салып аң аулау өнері де – қазақ өміріндегі сирек кездесетін қызықты салт. Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл өнер тіршілік қамы ғана емес, көңіл көтеру, бойға күш алу, қызықтау әрі спорт ретінде қазақ даласында тым ерте дамыған.

Жас ұрпаққа ұлы қазақ халқының дүниетанымы мен құндылықтарын, олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгілерін ұлықтауға арналған шара көптің көңілінен шықты.

Бабалар дәстүрін жаңғыртуға арналған шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қаракөл ауылдық округінің әкімі Нұржан Сахипов, М.Мерәліұлы атындағы тарихы өлкетану музейінің меңгерушісі Нұрлан Меңдешов көне салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғыртып, өскелең жастарға насихаттаудың маңыздылығын айтты.Оқушыларды атқа мінгізіп үйретіп, ат ерттеуді қолға алып, атқа мінгенге адамның денсаулығына пайдалы тұстарын насихаттаудың қажетілігіне тоқталды. Қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шара барысында тазы бағып, тұқымын асылдандыру ісін қолға алған, ит баптауды жанына серік еткендердің арасында көрме ұйымдастырылды.

Саятшылар ат ерттеу ретін түсіндіріп, ат әбзелдерінің атауларымен таныстырды. Сонымен қатар, қатысушыларымыз халқымыздың бағзы замандардан бері қақпан құру арқылы түз тағыларын ұстап азық еткен.

Саятшылар мен аңшылардың тағы бір сенімді серігі – тазы. Жеті қазынаның бірі жүйрік атты ерттеп мініп, соңына құмай тазыны ертіп таза ауада аңшылықты серік еткен ақтайсайлықтар дәстүрді жаңғыртты.

Шараның нәтижесінде белсенді қатысқан Ренат Бекжанов, Арон Абуталин, Талғат Валиев сынды азаматтар марапатталды.

Аудандық жастар мен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың демеушілігімен қатысушыларға бағалы сыйлық табысталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тоты Есқайырова,

Қаратөбе ауданы