6.04.2019, 11:36
Қараулар: 576
Сенбілікке шық, ағайын!

Сенбілікке шық, ағайын!

Қаратөбе ауданы әкімдігінің 1 сәуірдегі №42 қаулысымен 6 сәуір – 6 маусым аралығында аудан көлемінде санитарлық-экологиялық айлық болып жарияланған болатын.

Бүгін аудан орталығындағы мекемелердің, кәсіпорындар мен қоғамдық бірлестік қызметкерлері алғашқы сенбілікке шықты.

Қоршаған ортаны қорғау, елді мекен аумақтарының санитарлық жағдайын арттыру, көгалдандыру, абаттандыру мақсатында ұйымдастырылған тазалық шарасында ұжымдар өз ғимараттарының айналасын тазалауға атсалысты.

Мекемелерінің маңын қоқыстар мен қалдықтардан тазартып, тал-теректердің түптеріне әктеу жұмыстарын жүргізген қызметкерлер белсенділік танытты. Сенбілік шаралары барлық ауылдық округтерде өткізілуде.

Тазалық айлығы аясында сенбіліктер алдағы уақытта жалғасын таппақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы