23.09.2019, 11:47
Қараулар: 117
Сенбіліктен қалмайық!

Сенбіліктен қалмайық!

   Қыркүйектің 21-і күні Қаратөбе ауданында «Біз таза елді қолдаймыз» экологиялық қозғалысы және министрлік іске қосқан «Бірге Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті. Сенбілікке әр мекеменің қызметкерлері қатысып, ауыл тазалығына өз үлестерін қосты.  

   Ауылдың тазалығын сақтау мақсатында мекеме қызметкерлері атсалысып, қаруларын сайлай шықты. Сенбілік барысында ауыл сыртында орналасқан қоқыс төгетін арнайы орындағы қалдықтар сұрыпталды. Арнайы орынды  ұзақ уақыт сақталатын, қоршаған ортаға зиянды қоқыс қалдықтарынан арылтты. Ауа райының қолайсыз жағдайларына қарамастан, тазалық шараларына білегі мықты ер азаматтар белсене кірісті. Сұрыпталған қоқыс екі жүк көлігімен шығарылды.

Өзіміз тұрып жатқан аймақтың тазалығын сақтау әр тұрғынның міндеті. Тазалық – денсаулық кепілі екенін естен шығармаған абзал. Тазалық жұмыстарын жиі ұйымдастырылып, әр адам айналасын таза ұстаса, аяқ астында шашылып жатқан қоқыстарды көрмес едік.

Тұрсынай НАҒЫМОВА