20.02.2019, 16:32
Қараулар: 24
   Сессияда  Қоғамдық кеңес құрамы мен ережесі бекітілді

   Сессияда  Қоғамдық кеңес құрамы мен ережесі бекітілді

Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихатының  6 шақырылымдағы кезектен тыс XXVII сессиясы оздырылды.  

Сессияда аудандық мәслихатт хатшысы  Қадыржан Сүйеуғалиевтің «Қаратөбе ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» және  «Қаратөбе ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту туралы» хабарламасы тыңдалды.

Қаратөбе аудандық мәслихатының №27-1 «Қаратөбе аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» және №27-2 «Қаратөбе ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту туралы» шешімдеріне сай күн тәртібіне ұсынылған мәселені аудандық мәслихат депутаттары  бірауыздан мақұлдады.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 12 адамнан тұратын аудандық Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді. Оның құрамына қоғамдық ұйымдар өкілдерімен қатар мемлекеттік органдардан 3 адам, өзін-өзі ұсыну тәсіліне сай 2 адам енді.

Сессияда сөз сөйлеген аудан әкімі Жанат Асантаев аудандық Қоғамдық кеңес жұмысының ауданның әлеуметтік жағыдайын арттырудағы рөлі мен қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, атаулы кеңестің жаңа құрамының алдағы жұмысына сәтілік тіледі.

 

                                                

 

 

 

 

                          Ерболат РАЙСОВ,

                                                                          Қаратөбе ауданы