13.02.2019, 16:06
Қараулар: 537
Табиғатқа қамқорлық танытты

Табиғатқа қамқорлық танытты

Қаратөбе аудандық балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының туризм бағыты бойынша «Құтқарушы туристер» үйірмесінің оқушылары табиғат аясында бір күндік жорық жасады.

Оқушылардың демалысын тиімді өткізуге арналған жорықта табиғатқа жанашыр бола білуге баулу және қысқы жорық кезінде қауіпсіздік техникасын жетік меңгеруге баса назар аударылды. 
Жетекшілерінің бастауымен туған жердің қысқы табиғатын тамашалған үйірме шәкірттері Қалдығайты өзенін бойлай серуен құрды. Жорық аясында оқушылар Қалдығайты өзенінің бетінен ойықтар ойып, балықтарға ауа жеберу арқылы судағы тіршілікке өз қамқорлықтарын көрсетті.
Орталық педагогтары мен оқушылары табиғатқа қамқорлық шараларын алдағы уақытта да жалғастырмақ.

Серікбай ХАСАНОВ,
Қаратөбе ауданы