29.11.2018, 11:06
Қараулар: 61
ТАРИХИ САНАҒА СІЛКІНІС    

ТАРИХИ САНАҒА СІЛКІНІС    

Ғабдырахман БИСЕҒҰЛОВ,

Ханкөл ауылының тұрғыны:

 

 – Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры»  атты мақаласы –   қазақ халқының әлемдік өркениетке қосқан үлесін айқындайтын маңызды құжат.

Елбасының бұл мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспеттес. Санаға сілкініс  әкелген мақала  екі бөлімнен тұрады.

Алғашқысы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталады. Мақаланың аты айтып тұрғандай,  ұлы даланың жеті қырын айқындап берген. Оның ішінде жеті қазынамыздың бірі жылқыға ерекше мән берілген.

«Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өйткені мақтан тұтып бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту –  еліміздің  табысты болуының кепілі» деген еді Елбасы үлкен қадамдарға бастайтын  мақаласында.

Осылайша өткенді зерделеп, бүгінгіні бағалап, келешекке сеніммен қадам жасау үшін тарихи сананы жаңғырту  қажеттігін нақты мысалдармен түйіндеген.