12.03.2019, 12:20
Қараулар: 694
Тасқаладан жүлделі оралды

Тасқаладан жүлделі оралды

 Жуырда Тасқала ауданында 2001 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер арасында қол күресінен ашық аудан біріншілігіне Қаратөбе ауданынан құрыш білекті өрендер қатысып келді. 

Аталмыш жарысқа жалпы 7 команда қатысып, 80-нен аса спортшы жарыс жолына шықты.

Дүбірлі додада ауданымыздың намысын қорғай барған спорт мектебінің тәрбиеленушілері бақтарын сынап, аталмыш жарыстың жеңімпазы және жүлдегерлері атанды.

Аталмыш сайыстың қорытындысында Әлішер Есенқұлов (45 келі), Әли Шайжанов (55 келі)  жүлделі І орынды иеленіп жеңімпаз атанды.

Үздік атануға сәл сәттілік жетпеген  Мансұр Мағзом 35 келі салмақ дәрежесінде, Сейілхан Жарылғасымов 45 келі салмақта, Жандарбек Ниязов 70 келі салмақта ІІ орынды иемденді.

Жеңіске жетіп және жүлдегер атанған спортшыларға Тасқала аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің диплом, медальдарымен  және арнайы қол күресі статуеттері табысталды.

Жарысқа шәкірттерін дайындап, апарған жаттықтырушы – Нұрқат Нысанов.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы