5.12.2018, 11:15
Қараулар: 474
Тау туризмі техникасынан табыспен

Тау туризмі техникасынан табыспен

Жуырда Орал қаласында дәстүрлі тау туризмі техникасынан академик Т.Жездібаевті еске алуға арналған оқушылар арасындағы облыстық додаға қаратөбелік өрендер де қатысып, олжалы оралды. 

Оқушылардың шеберліктерін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен спорттық жарысқа барлығы 12 команда қатысып, өзара сынға түсті.

Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының ұйымдастырушы педагогы Мұхтархан Жұмағалиевтың жетекшілігімен ауданымыздың жас туристері өз шеберліктерін көрсетіп,  жоғары дайындықпен барғандықтарын дәлелдеді.

Төрт күнге созылған жарыста 4 кезеңді бағындырған жерлестеріміз жалпы командалық есепте ІІ орынға иеленді.

Жекелей сында «Жеке» қашықтықта ұл балалар арасында Әділет Нағымов І орын, Айбек Баймбет   ІІ орынға ие болды. Ал, «Байлам» қашықтығының ерлер жұбы  арасында Әділет Нағымов, Айбек  Баймбет ІІ орынға қол жеткізді.

Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының директоры Берік Нүрекешов Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебіне арнайы барып, жеңімпаз өрендерді алғыс хаттармен марапаттады.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы