9.06.2015, 6:59
Қараулар: 49
Тергеушіге — ТӨРТ ЖЫЛ

Тергеушіге — ТӨРТ ЖЫЛ

zakon-300x255


Бөрлі аудандық сотының үкімімен аудандық ішкі істер бөлімінің бұрынғы тергеушісі Г.Сакиева ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлімі «г» тармағына сәйкес айыпты деп танылып, оған өмір бойы мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айыру арқылы мүлкін тәркілеумен бірге ҚР ҚК 74-бабы қолданыла отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.


БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Г. Сакиева үш азаматтың тарапынан ешқандай құқықбұзушылықтың жоқ екендігін біле тұра, «номенклатуралық тізімге» енгізілген материалды көтеріп, сотқа дейінгі тергеуді бастап кеткен. Кейін тергеуші күдіктінің біреуін қызметтік кабинетіне шақырып, жәбірленушінің көзінше моральдық зиянның өтемі ретінде 100 мың теңгені берсе, қылмыстық істі тоқтатуға мүмкіндік бар екендігін айтқан. Тергеушінің заңсыз әрекеті күдіктілердің БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне жүгінуіне себепші болды. Ақыры 75 мың теңгені бөліп алған жәбірленуші мен тергеуші ұсталды.

Сот үкім шығарған кезде сотталушының кішкентай баласы бар екендігін ескеріп, сондықтан ол сегіз жасқа толғанша жазаны өтеуді кейінге қалдырды.

Ғалым АЯН


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар