23.11.2018, 19:21
Қараулар: 419
Туған жерге арналған танымдық кеш

Туған жерге арналған танымдық кеш

 Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ерекше білімді қажет ететін оқырмандарға арналған «Туған жер – тұмса тарих» тақырыбында әдеби кеш өтті.

Дарынды дала перзенттері мекен еткен құтты өлкеден түлеп ұшқан өнер саңылықтары, ғалымдар мен даңқты адамдар жөніндегі ақпараттар ағынын бір арнаға тоғыстырған кітапхана әлемі – рухани құндылықтар мен бай мұраны жас оқырмандарға таныстырып, олар туралы терең мағлұматтар ұсынды.

Кешке арнайы келген облыстық арнаулы кітапханасының әдіскері Ақторғын Бауыржанқызы балаларға арналып жасақталған «Білім кілті – кітапта» көрмесімен және «Туған өлкем» атты  аудиожурналымен  таныстырды.  Сонымен қатар,  брайл қарпі түрінде жазылған «Мақта қыз бен мысық», «Дәуіт пен қарлығаш» және иллюстрациялық суретпен безендірілген бірнеше кітаптың  мазмұнына тоқталып өтті.

Кеш барысында ерекше білімді қажет ететін оқырмандар арасында «Алтын бесік – туған жер» атты оқырмандар шеруі ұйымдастырылды.

Туған жерге арналған кештің екінші бөлімінде Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің психологы  Гүлжихан Қобыланова оқырмандарға «Менің қолымнан бәрі келеді» тренингін өткізіп,  ұйымдастырып, бір сегітіп алды.

Бүгінгі әдеби кешке арналған «Туған ел – тұғырың, Туған ел – қыдырың» көрмесімен кітапханашы Гүлжанат Алтайқызы ауданымызға арналған тарихи-танымдық анықтамалар, туған жерге арналған фото альбомдар, жерлес ақындардың туындыларын және «Біздің өлке» бұрышында танымал тұлғалар туралы, ауданымыздың 7 кереметін таныстырып, библиографиялық шолу жасады.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы