31.07.2019, 18:37
Қараулар: 157
Тың жобаға грант берілмек

Тың жобаға грант берілмек

Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы оқып жатырған жастармен аудан әкімі Жанат Асантаев кездесті.

 

 

 

 

 

 

 

Кездесу барысында аудан әкімі Жанат Асантаев ең алдымен оқып жатырған жас кәсіпкерлерге сәттілік тілеп, сенім білдіріп, өңірлерімізде етіспей жатырған бизнес салалары бойынша іс бастауға кеңес берді. Жастар аудан басшысына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды  жауаптар алды.

Бизнес бапкер Жаннат Тілесованың айтуынша аталмыш жобаға ауылдық округтер мен орталықтан 18-29 жас аралығындағы 49 жас қатысуда. Аталған жоба он моделдік бағытта оқытылып жатыр. Бұл оқу курсына қатысушыларға 19732 теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалған. Жобада жас кәсіпкерлер өзінің бизнес жоспарын құрып 505 мың теңге қайтарымсыз грант конкурсна қатыса алады және 20 млн. теңге көлемінде 6 % жеңілдікпен несие алуға мүмкіндігі бар екендігінде тілге тиек етті.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы