1.07.2019, 19:10
Қараулар: 477
Тілшілерді қабылдады

Тілшілерді қабылдады

Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев журналистердің төл мерекесіне орай аудандық «Қаратөбе өңірі» қоғамдық-саяси газетінің шығармашлық ұжымын қабылдап, Мемлекет басшысының салиқалы саясатын, елімізде жүзеге асып жатырған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауға белсене атсалысып, ауданның тыныс-тіршілігімен оқырмандарды ұдайы құлағдар етіп жүрген тілшілер қауымын мерекелерімен құттықтады. 

Кездесуде аудан тілшілерін құттықтаған Ж.Асылханұлы:

– Аудандық газетті Қаратөбе жұртшылығы тегіс оқып, ауданда болып жатырған жағымды жаңалықтарға қанық болып отырады. Алдағы уақытта да қаламдарыңыз ұштала түсіп, оқырмандарыңызды ойлы да мазмұнды мақалаларыңызбен қуанта беріңіздер. Еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін, — деп жылы лебізін білдірді.

Кәсіби мерекеге орай аудан әкімінің алғысхатымен Серікбай Жәлелұлы, Ерболат Мырзағұлұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің тілшісі мен телеоператоры Гауһар Жасұланқызы мен Оралбек Тілекқабылұлы марапатталып сыйлықтар табысталды.

Аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің редакторы Серікбай Хасанов аудан басшысына арнайы қабылдап, дидарласқандығы үшін рақмет айтса, тілші Ерболат Райсов көп жылдар газетте жасаған жылдарынан естеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ журналистер күніне арналып облыс орталығында оздырылған жиында «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Рауан Сәбитовтың алғыс хатымен газеттің фототілшісі Тоты Есқайырова марапатталды.

 

Өз тілшіміз