10.12.2018, 10:52
Қараулар: 69
Түйткіл басы  – дәрігер тапшылығы

Түйткіл басы  – дәрігер тапшылығы

Дәрігер – адам жанының арашашысы. Басы ауырып, балтыры сыздағанның барлығы емхана есігін жағалайтыны анық. Алайда аудандық орталық ауруханаға бара қалсаңыз, ұзын-сонар кезекке тап боласыз… Бүгінде елімізде ауруханалар цифлық жүйеге көшіп, кезек-ке тұру электронды түрде жүргізіліп, дәрігерлер жұмысы жеңілдеп жатқанда, бұл ұзын-сонар кезектің себебі неде? 

Қаратөбе аудандық ау-руханасында бүгінде 22 дәрігер қызмет жасайды. Бес ауылдық округ-те амбулаториялық орталық бар. Олардың барлығында дәрігерлер мен медбикелер жұмыс атқарады. Аудандық аурухана құрамында 45 кере-уеттік стационар және ауысым-да 100 келушіге 61 кереуеттік күндізгі стационарымен емхана (оның ішінде 13 балалар кереуеті), дәрігерлік амбулато-рияларда 45 кереуеттік күндізгі стационар бар.

Аудандық аурухана стационарлық және жыл-жымалы флюоро-рентген диагностикалық құралымен жабдықталған, функционалдықдиагностика кабинетінде ЭКГ аппараты, велоэргометр, СМАД, Холтер, спирограф орналастырылған. УДЗ аппа-раты, эзофагогастро фиброде-носкоп (ФГДС), биохимиялық зертханада биохимиялық анализатор жұмыс жасайды. Науқастарды стационарлық та, емханалық та жағдайда емдеу барысында УВЧ, ультрадыбыс, массаж, ЛФК аппараттары кеңінен қолданылады.

Дегенмен бүгінде ауруханаға ем алуға келетіндердің дәрігерлерге реніші бар. Олардың айтуынша, дәрігерлер өз орнында уақтылы болмайды, ұзақ күтулеріне тура келеді екен. Дәрігер – адам жанының арашашысы. Басы ауырып, балтыры сыздағанның барлығы емхана есігін жағалайтыны анық. Алайда аудандық орталық ауруханаға бара қалсаңыз, ұзын-сонар кезекке тап боласыз… Бүгінде елімізде ауруханалар цифлық жүйеге көшіп, кезек-ке тұру электронды түрде жүргізіліп, дәрігерлер жұмысы жеңілдеп жатқанда, бұл ұзын-сонар кезектің себебі неде?

Осы мәселенің мәнісін білу мақсатында аудандық аурухананың директоры Ве-нера Елеусіноваға жолықтық. Венера Жәукенқызы: «Басты себеп – орталық ауруханада дәрігерлердің жетіспеуінен»,– дейді.

Қазіргі күні ауданда анес-тезиолог-реаниматолог, педиатор, невропатолог дәрігерлері тапшы. Бір дәрігер бірнеше жүктемемен жүр.Бұл – олардың өз қызметін толыққанды атқаруына кедергі келтірері анық. Бір жылдан аса уақыт ауруханада акушер-гинеколог болмады. Сондық-тан жүкті әйелдер облыс орталығына жолданатын. Тек осы айдан бастап акушер-ги-неколог келіп, өз жұмысына кірісіпті.

Бас дәрігерден ауданға дәрігерлердің келмеу себебін сұрағанымызда: – Жоғары медициналық білімі бар маман қашан да өзіне жағдай жасалғандығын қалайды. Сізге мысал кел-тірейін. Биыл Ақтөбе қаласына университет бітірушілер жәрмеңкесіне барғанмын. Сол жердегі жас мамандарға жұмыс ұсынғанымда, ал-дымен жалақы мөлшерін, кейін үй мен көтермеақы қарастырылуын сұрады. Биыл біздің ауданымыздың үш қызы медициналық уни-верситетті тәмамдап, жоғары білім алып шықты. Олар да жұмысқа келуге келісім бер-меді. Бізде жалақы мөлшері жақсы. Жұмысқа келген жас мамандарға «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында көтермеақы мен үй алу ұсынылады. Алайда қазіргі күні сатуға қойылған үйлер өте қымбат. Жас мамандарға жаңадан үй салу үшін жерге кезекке тұру қажет. Аудандық аурухана балансында үй болмағандықтан, осы мәселе қиынға соғып тұр. Сондықтан маман тапшылығы сезілуде.Осылай жалғасатын болса, ма-мансыз қалу қаупі бар. Алдағы уақытта дәрігерлерге жағдай жасалу жағы қаралса екен, – дейді Венера Елеусінова.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің әр жылғы Жолдауында ме-дицина саласына айрықша назар аударады. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауын-да да цифрлы технологиялар арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет екенін атап өтті. Осы мақсатта аудандық аурухана цифрландыру жүйесіне көшті. Нәтижесінде бүгінгі таңда стационар-да жататын науқастардың электронды тіркелімі, емдеу-ге жатқызу порталы және емханаға бекітілетін халықтың тіркелімі және басқа да қызметтер бір жолға қойылды. Цифрландыру бағдарламасы денсаулық сақтау жүйесін, үйге жедел жәрдем мен дәрігерді шақырудан бас-тап, бүкіл профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді толық қамтуы тиіс.

Аудандағы денсаулық сақтау саласын цифрландырудың бірден-бір тетігі ретінде биылғы жылдан бастап элек-тронды денсаулық паспорты жобасы қолданысқа енгізілді. Электронды денсаулық пас-порты арқылы дәрігерлер емделушінің денсаулығына қатысты барлық ақпаратты алатын болады. Емделушілер де аталған ақпараттармен таныса алады. Сонымен қатар азаматтар медициналық ұйымның көрсеткен қызметін бағалайды.

– Цифрландыру жүйесінде-гі тағы бір мәселе – интер-нет желісі жылдамдығының төмендігі және компьютерлер-дің жетіспеуі. Дәрігер мен медбике бір компьютерді пайдаланады. Дәрігер емделуші туралы ақпаратты базаға енгізу, оны порталға салуы үшін жоғары жылдамдықтағы интернет желісі керек. Біздегі интернеттің әлсіздігі дәрігердің жұмысына кері әсерін тигізуде. Осыдан келіп емделушілер тарапынан реніштер туады. Мамандар жетіспеуі мен жұмыс барысындағы кедергілер-ге тұрғындар түсіністікпен қараса дейміз, – дейді Венера Жәукенқызы.

Кез келген мамандықтың өзіне тән қиындығы мен қызығы бар. Соның ішінде адам жанының арашашысы саналатын ақ халаттылардың жұмысы үлкен жауапкер-шілікті қажет етеді. Екінің бірінің қолынан келмейтін мамандықты өмірлік серік етіп, халыққа уақытпен санаспай қызмет көрсететін аудан дәрігерлерінің жұмысына халық риза болып, бата-сын да беріп жатады. Бірінші байлығымыздың қадірін уақтылы бағалап, ауырмаудың жолын іздейік!

Серікбай ХАСАНОВ,

 Аманша ЕСЕШОВА,

емделуші:

– Мен Қалдығайты ауылының тұрғынымын. Жасым 70-те. Қан қысымым жоғарылап, аудандық ауруханаға әкелді. Ауылдағы дәрігеріміз Гүлмира Төлеуғалиева алғашқы көмек көрсетті. Аудандық ауруханаға кел-геннен бері жағдайым жақсы. Бөлмеміз таза, жарық. Уақтылы емімді қабылдап жүрмін. Ауруханадағы дәрігер амандарымыз жас әрі өз ісінің шебер-лері екен. Өзімді қарап жүрген жас маман Назерке Төлегеноваға алғыс айтамын. Ауданымызда осын-дай білікті мамандар көбейсе, халық денсаулығына алаңдаушылық тумайды деп ойлаймын.