31.07.2018, 11:59
Қараулар: 149
Түнгі рейд жүргізілді

Түнгі рейд жүргізілді

          Қаратөбе ауданында аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Жанаргүл Ғарифоллиева және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандарының  қатысуымен түнгі рейд шарасы өткізілді.

Өткізілген іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың,  кәмелетке  толмағандардың  түнгі  мезгілде  беймезгіл жүрулерінің алдын алу болып табылады.
Рейдтік шара  аудан орталығындағы  саябақта, дүкендер мен орталық көшелерде жүргізілді.

Жасөспірімдердің тәртібін қадағалау барысында дүкен  иелеріне  кәмелетке толмаған жасөспірімдерге алкагольдік ішімдіктер, шылым сатпау жөнінде ескертіліп, аудан тұрғындарына отбасындағы жасөспірімдерді белгіленген уақыттан кейін көшеге шығармау жөнінде түсіндірілді.

Рейд уақытында түнгі сағат 23.00-ден кейін ата-анасының қарауынсыз жүрген жасөспірімдер кездескен жоқ.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

 

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы