15.03.2019, 19:25
Қараулар: 360
Тұрғындар тілегі назарға алынды

Тұрғындар тілегі назарға алынды

15 наурыз күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында филиал төрағасы, аудан әкімі Жанат Асантаев аудан тұрғындарын қабылдады.

Аудан басшысының қабылдауында болған бес тұрғынның үшеуі апатты жағдайда тұрған тұрғын үй және  тұрғын үйге кезекке тұру мәселесін көтерді.

Тұрғын үй мәселесіне қатысты сауалдарға жауап қайтарған аудан әкімі Жанат Асылханұлы қолдан келер көмекті қарастыратындықтарына тоқталды. Тұрғын үй мәселесіне жауапты бөлім басшысы Аслан Даубаевқа үй кезегіне тұру тәртібі, оған өтініштер түрлі санат бойынша жүргізетіндігі туралы кеңес беруді, заң талаптарына сай көмектесу тетіктерін қарастыруды тапсырды.

Қабылдауға келген Бесоба ауылының тұрғыны, көп балалы ана Гүлжанат Тағыберлинаның атаулы әлеуметтік көмек алу туралы мәселесіне сол салаға жауапты басшылар түсінік берді.

Қаратөбе ауылының тұрғыны Асылбек Сұлтанов жеке тұрғын үйін газ желісіне қосу туралы өтінішіне газ шаруашылығы мекемесінің мамандарымен бірлесе отырып мүмкін болатын көмектерді қарастыра отырып қол ұшын беруді және бір реттік әлеуметтік көмек көрсетуді ұйғарды.

Тұрғындарды қабылдауды қорытындылаған аудан әкімі Ж.Асантаев мәселелерімен келген адамдардың өтініш-тілектерін аяқсыз қалдырмай өз бақылауына алатындығын айтып, тиісті шаралардың атқарылуын жауапты мекеме басшыларына тапсырды.

 

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы