27.11.2018, 9:49
Қараулар: 572
Тұңғыш Президент күні қарсаңындағы  спорттық бағдарлау сайысы  

Тұңғыш Президент күні қарсаңындағы  спорттық бағдарлау сайысы  

Өткен аптада Жусандыой ауылдық округінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай спорттық бағдарлаудан аудандық жарыс оздырылды. 

Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру,  жастар арасында спортты насихаттау, спорттық бағдарлау  жарыстарын аудан көлемінде кеңінен дамыту аясында  өткен дүбірлі додаға  Шөптікөл ЖОББМ, Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Мұхит атындағы ЖОББМ,  Қаратөбе  балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының шәкірттері, сонымен қатар Жусандыой ауылынан  барлығы 70 -ке  тарта спортшы қатысты.

Жарыс «Спринт» және «Лабиринт»  қашықтығында  жас ерекшеліктері бойынша  ерлер және қыздар болып сынға түсті. Ауданымызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған тартысты сайыс қызыққа толы болды.

Екі қашықтық бойынша жалпы ұпай есептеліп,  жүлделі орын алғандарға және жарысқы белсене қатысқан жастарға Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қолдауымен дипломдар және медальдар табысталды.

 

                                                                                           Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                                            Қаратөбе ауданы