20.11.2018, 11:27
Қараулар: 154
Төл басылымға жанашыр ұжым

Төл басылымға жанашыр ұжым

Баспасөзге жазылу науқанының басталғанына біраз уақыт өтті. Әдеттегі дәстүрге сай алдағы желтоқсан айының орта шамасында республикалық мерзімді басылымдарға, айдың аяғына қарай облыстық газеттерге  және төл басылым аудан айнасы «Қаратөбе өңірі» газетіне жазылу науқаны аяқталатындығы оқырмандарымызға мәлім.

 

 

 

 

 

 

 

Алдағы 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу жұмыстары жалғасып жатыр.

Өткен баспасөзге жазылу науқаны мерзімінде  ауданның ауылдық округтері арасында Аққозы, Жусандыой, Қаратөбе ауылдық округтерінің тұрғындары жергілікті басылымға уақтылы жазылуға ықылас танытты. Ал аудан орталығындағы мекемелер арасында төл газетке жазылудан жыл сайын межеден шығып жүрген  Қаратөбе колледжі ұжымының  басылымдарға жазылу бойынша ұйымшылдығы көпке үлгі.

Өткен баспасөзге жазылу мерзімде  межеден шыққан ұжым,  «Казпошта» АҚ мәліметіне қарағанда ағымдағы жазылу науқанында да алдыңғы қатардан көрініп отыр. Тек аудандық газет емес өзге де газет-журналдарға, әдістемелік басылымдарға жазылудан көш ілгері.

Бұл ұжым басшысының  ұйымдастыру қабілетінің жоғарылығы мен аталмыш  білім ордасындағы баспасөзге жаздыру жұмыстарын жүргізуші жауапты қызметкердің үлкен жауапкершілігі деп білеміз.

Бірлігі жарасымды ұжым науқандық жұмыс баспасөзге жазылу мерзімі басталысымен басылымдарға жазылуды дер кезінде қолға алыпты.

Бұл жауапты жұмысты колледж кітапханашысы Әйгерім Шамғалиева  2014 жылдан бері  жүргізіп келеді.

– Ағымдағы жылдың І және ІІ жартыжылдығында  колледж ұжымы газет-журналдарға жазылуда асқан ұйымшылдық танытты.

Колледжде 28 оқытушы болса, оның басым көпшілігі  аудан айнасы жергілікті басылымға  жазылады. Сонымен қатар колледж оқытушылары республикалық, облыстық басылымдарға, түрлі әдістемелік журналдарға жазылып келеді. Осының бәрін ұжым қызметкерлерімен өзара келісіп, өз деңгейінде жүргізіп келеміз.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығына аудандық «Қаратөбе өңірі» газетіне жазылу колледж бойынша 30 дана деп берілген болса, межені артығымен орындап отырмыз. Қазіргі таңда 32 қызметкер жазылды. Баспасөзге жаздыру мерзімі аяқталғанша басылымдарға жаздыруды жалғастыра бермекпіз. Мүмкіндігіне қарай аудан айнасына жазылушылар қатарын әлі де толықтырмақ ойымыз бар, — дейді колледж кітапханашысы Әйгерім Мырзағалиқызы.

Қаратөбе колледжі ұжымы мен  жергілікті газет редакциясы арасындағы байланыс жылдан жылға нығайып келеді. Колледжде өткізілетін ауқымды шаралар, ұжым жұмысы мен жетістіктері туралы колледж оқытушылары редакциямызға ұдайы мақала жолдап отырады.

 

Ерболат РАЙСОВ,

Қаратөбе ауданы