4.04.2019, 15:54
Қараулар: 355
«Флиппердің»  тиімділігі зор болмақ  

«Флиппердің»  тиімділігі зор болмақ  

 

Жол бойында үй жануарларының көліктерге  соқтығысуынан  болып жатырған жол-көлік оқиғаларына байланысты  Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің тапсырмасын орындау мақсатында Қаратөбеде анайы шара өтті.

 

 

 

 

 

 

 

Қаратөбе аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Алмаз Елбаев пен аталмыш бөлімнің жол полициясының аға инспекторы Айбек Арсенов сәуір айының 3-і күні мал өрістейтін бағытқа шығып үй жануаларын ұстайтын аудан орталығының тұрғындарымен кездесті.

        Кездесу барысында жол бойында үй жануарларының көліктермен қақтығысуын болдырмау мақсатында жылқы, ірі қара малдарының мойынына көлік жарығы түскен кезде жарықырап көрінетін және ауа райының қолайсыз кезінде қауіпсіздіктің алдын алуға арналған «Флиппер» реплекторын тәжрибеге енгізе отырып, оны кеңінен қолдану турасында ауыл тұрғындарына  насихат жұмысын жүргізді.  Мойынбаудың бағасы 200 теңгеден аспайды.

Сонымен қатар түнгі мезгілде жарқырап көрінетін аталмыш мойынбаудың үй жануарының мойынына қалай байланатынын көрсетіп, оның жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында жүргізіліп жатырған шара екендігін түсіндірді.

 

                                                                                 Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                  Қаратөбе ауданы