6.12.2018, 18:47
Қараулар: 179
Футзалдан жарыс өтті

Футзалдан жарыс өтті

 Қаратөбе аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Тәуелсіздік күні және Қазақстан Республикасы Прокуратурасы күні мерекесіне арналған футзалдан мекемеаралық жарыс мәреге жетті.

Мерекелік  спорттық шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев, аудан прокуроры Ғалымбек Мұхитов ҚР Прокуратурасының құрылған күнімен құттықтап, спорттық жарысқа қатысушыларға әрдайым спортты серік етулеріне тілектестігін жеткізіп, сәттілік тіледі.

Мереке құрметіне орай өткен мекемеаралық  жарыс 9 команда арасында сарапқа салынды. Ойын үш топ бөлініптартысты өрбіді.

Жарыс қорытындысында жүлделі І орынды «Қаратөбе» спорт клуб командасы иеленсе, ІІ орынды аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының командасы еншіледі. Ал, ІІІ орынды аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары қанжығаларына байлады.

«Жеңіске деген жігері үшін…» аталымымен  Мұхит атындағы ЖОББМ-нің ойыншылары, мерекелік жарыста үздік ойын өрнегімен ерекше көзге түскен жекелеген ойыншылар арасынан аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкері Жасұлан Ниязов «Үздік қақпашы», «Қаратөбе» спорт клубының қызметкері Ернар Есенжанов «Үздік шабуылшы», аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қызметкері Мейірбек Жайықбаев «Үздік қорғаушы» аталымдарымен марапатталды.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы