4.02.2019, 11:49
Қараулар: 357
        Халық өтінішіне – үлкен  жауапкершілік тән   

        Халық өтінішіне – үлкен  жауапкершілік тән   

Ақпан айының 1-і күні Қаратөбе ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясының Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы Жанат Асантаев  аудан тұрғындарын қабылдады.  

Партия филиалы төрағасының қабылдауына өтініштерімен келген аудан тұрғындарының дені бұл жолы аудан орталығынан болды.

Тұрғын үй кезегінде тұрған Қаратөбе ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Мәнсия Жұмағалиева үй кезегіне қатысты өтінішін айтса, музей қызметкері Дулат Наушекенов тұрғын үйіне тартылған құбырдың өткен жылы және биыл тағы да қатып, сусыз қалып қиындық көріп отырғандығын жеткізді.

Филиал төрағасы Жанат Асылханұлы бұл мәселені шешу жолдарын қарастыруды ауыз сумен қамту мәселесі бойынша тиісті салалар басшыларына тапсырды.

Үшағаштық Жаңылсын Тапауова тұрғын үйінің аппаты жағдайда тұрғандығын және қазіргі таңда жұмыссыз отырғандығын айтып, көмек сұрады.

Жанат Асылханұлы жұмыссыз отырған  үшағаштық Жаңылсын Тапауованы  жұмысқа орналастыруды аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Назира Ермекқызыңың ұсынысына сай шешімін тапты, екінші мәселе Ж.Тапауованың аппаты жағдайдағы тұрғын үйіне байланысты өтінішінің жақын арада қанағаттандырылатындығын ескертіп, мәселені дер кезінде шешу бағытында жұмыстануды  қабылдауға қатысушы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Бекболат Бердіғалиевке тапсырды.

Бұрын аудан орталығында  аяқ- киім тігумен айналысқан жеке кәсіпкер Қайырбек Тілекқабылұлы  аталмыш кәсібін кайта жалғастыру мақсатында қаржы жағынан демеушілік сұрап, кәсіп аясын кеңейту мақсатында жер алу бойынша өтініш айтты.

– Кәсіпкерлікті қолдау біздің басты мақсатымыз. Кәсіп ашу – құптарлық іс. Жер алу мәселесі шешіледі. Үлкен орын әзірлеп алып, аудан тұрғындары-ның сұранысына ие шаштараз тағы да басқа істермен неге айналыспасқа.  Ал, бюджеттен қаржы жағынан демеушілік жасау мәселесі заң шеңберінде қарастырылмаған. Өзіңіз кәсібіңізге сай қаражатты несие алу арқылы қамтамасыз ете  аласыз, — деді  аудан басшысы Жанат Асылханұлы.

Қаратөбе ауылының тұрғындары, 4-5 мекеме орналасқан екі қабатты ғимараттың кіші қызметкері Өтеміс Қаржауов өзімен бірге қызметтес тағы бір кіші қызметкердің қаңтар айындағы еңбекақысының өспей қалуы және өзінің 3 жылдан еңбек демалысына шыға алмай жүргендігі туралы шағымданып, көмек сұрады.

Аудан басшысы Ж.Асылханұлы кезекті қабылдауында болған ауыл тұрғындарының өтініштерін орындау жолында тиісті салалар басшыларына мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

 

                                                                               Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                                                                                                      Қаратөбе ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар