7.03.2019, 19:36
Қараулар: 74
Шуақты мерекеде ыстық ықыласқа бөленді       

Шуақты мерекеде ыстық ықыласқа бөленді       

Бүгін  аудан әкімі Жанат Асантаев  8 наурыз – Халықаралық  әйелдер күні мерекесіне орай қоғам өміріне белсене аралап жүрген бір топ ақ жаулықты әжелер мен қызметте жетістіктерімен көрінген ауданның  қыз-келіншектерін қабылдады.

 

Өңір басшысы Ж.Асылханұлы салтанатты шараға қатысушыларды  төл мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.

Қабылдау барысында  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Орынғали Бәкесұлы  мерекеге орай құттықтауын жеткізіп, елде болып жатырған жаңалықтармен таныстырды.  Елдің ертеңі болашақ жастарға өнеге боларлық әңгіме өрбітті.

Немере, шөбере көріп отырған қаратөбелік әжелер Рысты Ғалымжанова, Тәрбие Молдағалиева, үшағаштық Сақыпжамал Қазиева және тағыда басқа мерекелік қабылдауға қатысушылар  түрлі тақырыпта өнегелі әңгімелерін сабақтап, өздерін елеп, мереке қарсаңында құрметке бөлеген аудан басшысы  Жанат Асылханұлына алғыстарын жаудырды.

Шара қатысушыларына арналып мерекелік ән шашу жолдаданды.  Аудандық  мәдени-демалыс орталығының әншісі Рүстем Ақташев кабылдауға қатысушыларды ана туралы тамаша әнімен бір серпілтіп тастады.

Айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, аудан әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы Мербол Есендосов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұржамал Сәрсенова қатысты.

Мерекелік қабылдау аудандық мәдениет үйіндегі «Ана – нұр көктем» атты мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.  Концерттік бағдарламада сөз алған аудан басшысы Жанат Асантаев нәзік жандыларды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Қоғамдағы аналардың рөлінің маңыздылыңына тоқталып өтті.

Бүгінде ауданымызда 214 «Алтын алқа», 229 «Күміс алқа», 6 «Аналық даңқ» орденінің иегерлері бар.

Мерекелік бағдарламада аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары әсем ән шырқап, «Керім-ай», «Інжу» би ансамбльдері мың бұрала би биледі.

 

                                                                                       Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                        Қаратөбе ауданы