10.12.2018, 16:05
Қараулар: 26
Шәкірттер Тәуелсіздік тарихымен танысты

Шәкірттер Тәуелсіздік тарихымен танысты

Бүгін Тәуелсіздік күні мейрамы қарсаңында Қаратөбе аудандық М.Мералиев атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Көк байрағың желбіреп, тәуелсіздік таңы атты» тақырыбында көрме өтті.

 

 

 

 

 

 

 

Көрмені тамашалауға келген Мұхит атындағы ЖОББМ-нің 6-7 сынып оқушыларына музей экскурсоводы Дулат Наушекенов тәуелсіздік тарихынан мол мағлұматтар ұсынды.

Шәкірттер алдымен еліміздің тәуелсіздік алуына бірден-бір себеп болған 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджановалардың ерліктері туралы  білді.

Биыл 27 жыл толғалы отырған егемендігіміздің шежірелі кезеңдері мен мемлекеттік нышандар – Ту, Елтаңба, Әнұран және төл теңгеміз жайлы да мол деректер ала білді.

Сондай-ақ, көрме жұмысы барысында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау бағытында қазақ халқының ежелден бастау алған бай тарихына тоқталған музей меңгерушісі Нұрлан Меңдешов «Тарихи жәдігерлер – тарихтан сыр шертеді» атты көрмемен таныстырды. Жергілікті музей қорында сақталған көне жәдігерлердің тарихына үңілген оқушылар оларды қызыға тамашалады.

 

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы