31.10.2018, 18:21
Қараулар: 57
«Ізгіліктің» ізгілігі

«Ізгіліктің» ізгілігі

Бүгін Қаратөбе аудандық психолоиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде «Ізгілік» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ислам діні – қайырымдылық діні» тақырыбында аталмыш орталықтың тәрбиеленушілері және ата-аналарымен кездесу өтті.

Жылы жүзді кездесу басында сөз сөй­леген «Ізгілік» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әмірбек Жәнібеков Исламдағы бала тәрбиесі жөнінде салиқалы әңгіме өрбітіп, қай­­ы­рымдылық шарасының ма­ңызы туралы жан-жақты ай­тып берді.

– Балалар туылған кезде кіршіксіз, пәк, ислам болмысы бойынша туылады. Ары қарай баланың дұрыс өсуі ата-ананың берген тәрбиесіне байланысты. Текті ұрпақ тәрбиелеп өсіру – адами болмысымыз талап ететін ұлы борыш. Әкеден балаға қалатын ең асыл дүние ол – жақсы тәрбие.

Ата-ана балалардың болмысы бұзылмауы үшін оларға жастайынан ақиқат жолымен жүруді үйретіп, иманды болу бағытында тәрбиелеу керек, — деді қайырымдылық шарада сөз сөйлеген аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев.

Шарада бала тәрбиесінің маңыздылығы жөнінде бейнекөрсетілім көрсетіліп, тәрбиеленушілердің өй өрісін, дүние танымын кеңейту мақсатында тренинг өткізілді.

Сонымен қатар кездесуде қоғамдық бірлестік атынан аталмыш орталықтың тәрбиеленуші бүлдіршіндеріне оқу құралдарын сыйласа, олардың ата-аналарына қажетті тұрымстық құралдар табыс етілді.

Шара соңында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі балалар кітапханасының қызметкері Айнагүл Рысбайқызы «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесімен таныстырды.

 

 

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы