11.03.2019, 9:12
Қараулар: 63
Қайырымдылық дүкені ашылды

Қайырымдылық дүкені ашылды

 

«Мейірімді көктем» акциясы аясында жастардың бастамасымен аудан орталығында қайырымдылық дүкені ашылды.

Аты дүкен болғанымен, мәнісі терең осы нысанды ашу көпшіліктің көмегімен жүзеге асты. Қаражатты қажет етпейтін сауапты іс былтыр бастау алған болатын. Өткен жылы ұйымдастырылған бастамада аудандағы 200-ге жуық отбасына киім-кешектен көмек көрсетілген еді. Қолға алынған шараға сіз де өз үлесіңізді қоса аласыз. Ол үшін сіздерден тек жарамды, бірақ өзіңіз қолданбайтын киімдеріңізді ұстаздар үйінде орналасқан аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталыққа әкелу сұралады. «Көп түкірсе – көл» деген. Сіздің жәрдеміңіздің ертең біреудің қажеттілігіне жарайтынын естен шығармайық.

 

Ажаргүл ӘЛИ