22.07.2019, 12:01
Қараулар: 654
Қаратөбедегі  кезекті  акция     

Қаратөбедегі  кезекті  акция     

    Шілде айының 19-ы күні Қаратөбе ауданының орталығында аудандық полиция бөлімі  екі күнге созылған   кезекті  «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. 

Аталмыш акцияға  полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Роман Дүйсеғалиев, бөлімнің  жергілікті полиция қызметінің бастығы Айзат Серікұлы бастаған бір топ бөлім өкілдері тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындар  өздерін ойландырған  мәселелер төңірегінде сауалдарын қойып, түсінік алды.  Олардың дені  жоғалған жеке куәліктің  қайтадан  қалай алынатындығы, көлік жүргізу куәлігін ауыстыру, қоғамдық тәртіптің сақталуы барысыныдағы кейбір мәселелер төңірегінде өрбіді.

 

                                                                                  Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                  Қаратөбе ауданы