24.09.2019, 18:08
Қараулар: 307
Қаратөбеде алқалы жиын өтті 

Қаратөбеде алқалы жиын өтті 

Қыркүйек айының 24-і күні Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтанның төрағалығымен  алқалы жиналыс өтті.

–  Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы №438 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығымен 2015-2020 жылдарға жергілікті өзін-өзі басқарудың функцияларын ажырату, бюджетін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншігін қалыптастыру, селолық округ деңгейінде әкімшілік — аумақтық  бірліктерді оңтайландыру көзделген болатын. Бүгін осы мәселеге орай IV деңгейлі бюджетті ауылдық округтер деңгейінде енгізу туралы мәселені талқылауды мақсат етіп отырмыз, — деді Жасұлан Кәрелұлы.

Алқалы жиында күн тәртібіндегі Қаратөбе ауданы бойынша ауылдық округтер деңгейінде  IV деңгейлі бюджетті енгізу туралы    Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Тілепберген Каюпов, аталмыш басқарманың  өңірлік даму және мониторинг бөлімінің басшысы Райса Еркеғалиева, жергілікті бюджеттің кірістерін болжау және талдау бөлімінің басшысы Ғалым Жұбанышев жиынға қатысушы ауылдық округ әкімдері мен округтер әкімдері аппараттарының есепші мамандарының сауалдарына жауап берді. Түсінік жұмыстары жүргізіліп, алдағы жылдан бастап іске асырылуы тиіс өзекті іске әзірлік жұмыстары пысықталды. Бюджет кірісі  мен шығысының орындалуы, салық түсімі туралы ауқымды әңгіме айтылды.

Басқарма басшысы  Тілепберген Ерсайұлы ауданның  бұдан бұрынырақ  IV деңгейлі бюджетті ауылдық округтер деңгейінде бюджеттері бекітіліп, жұмыс жүргізген қос округ Қаратөбе және Сулыкөл ауылдық округтерінің  жұмыс деңгейі жылдың аяғына қарай тексеру жұмыстарынан кейін бағаланатындығын айтты.

                                                                       Ерболат РАЙСОВ,

                                                                        Қаратөбе  ауданы