21.05.2018, 15:01
Қараулар: 41
Қаратөбеде ауыз бекіткен жамағатқа ауызашар берілді

Қаратөбеде ауыз бекіткен жамағатқа ауызашар берілді

Барша мұсылман үшін ерекше қадірлі болып табылатын Рамазан айында жамағаттың бастарын қосып, күн сайын аудан орталығындағы мекемелер мешіт жамағатына ауызашар беріп келеді. 

 

Аудандық мешіттің ауласында тігілген киіз үйде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық М.Мерәлиев атындағы тарихи-өлкетану музейі, Қаратөбе ауданының мемлекеттік архиві және «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалы қызметкерлері ауыз бекіткен

жамағатқа арнап, ауызашар берді.

Барша мұсылман қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ұстаған оразалары, жасаған құлшылықтары қабыл болуына тілектестігін жеткізген «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалының директоры Ертай Бимұханов елімізге тыныштық, бейбітшілік, халқымызға береке-бірлік тіледі.

Қаратөбе аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев ауызашарға жайылған дастарқан басында Рамазан айында ораза ұстағанадамға ауызашар берудің сауабы туралы уағыз айтып, Ораза айының қадір-қасиеті туралы Құран аяттары мен пайғамбар хадистерімен сабақтап, әсерлі әңгіме өрбітті. Сондай-ақ бүгінгі таңда орын алып жатқан келеңсіз жайттар турасында түсінік бере

отырып, ауызы берік жамағаттың сауабына кенелген ұйымдастырушы тарапқа жиналған барша жамағат атынан ризашылығын жеткізді.

 

 

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы