19.10.2018, 15:06
Қараулар: 138
Қаратөбеде ағылшындық әдіспен жер учаскесіне аукцион өткізілді

Қаратөбеде ағылшындық әдіспен жер учаскесіне аукцион өткізілді

18 қазан күні Қаратөбе ауданында алғашқы рет ағылшындық әдіспен яғни нысанның бастапқы бағасы ұлғайтылып, құрылыстар мен ғимараттарға арналған жер учаскесіне аукцион өткізілді.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442-II Жер кодексінің 48-бабы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптары және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату
жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы  бұйрығы шыққан болатын.

Ағылшындық әдіспен өткен аукционға кадастрлық құны 267000 теңгені құрайтын Қаратөбе ауылы Жұмалиев көшесі №1 А мекен жайы бойынша 0,15 гектар  жер учаскесі 3 жылға жалдау құқығымен шығарылды.

Аукционда 1-Лот бойынша 2 өтініш тіркелген болатын. Берілген өтініштер бойынша Жауғашар Омаров пен Эльмира Темірбекова аукционға түсті. Барлық заңдылықтарға сай өткен аукцион негізінде жер учаскесіне жоғары баға ұсынған Эльмира Темірбекова жерді жалға алу құқығына ие болды.

–  Аукцион өткен соң сатып алушы сатып алу шарты бойынша есеп айрысулар жүргізіледі, аукцион барысында белгіленген бағаның 50 пайызы аванстық төлемді  сатып алу шартына қол қойған күнен бастап 5 күн ішінде төлейді, қалған сомассын отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей төлейді, — дейді ауеционды өткізген  Қаратөбе аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Арайлым Жақсығұлова.

Алдағы уақытта Қаратөбе ауданында тұрғын емес бағыттағы жер учаскелері аукцион арқылы берілетін болады.

 

 

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы