7.08.2018, 19:22
Қараулар: 108
Қаратөбеде балалар ойын алаңы ашылды

Қаратөбеде балалар ойын алаңы ашылды

Бүгін Қаратөбе ауданының орталығында 90 жылдық мерейтойда жаңадан ашылмақшы «Астана» саябағында орналасқан балалар ойын алаңының ашылу салтанаты өтті. 

 

Шараның салтанатты ашылуында сөз алған Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қайырғалиев:

­         –  Ауданымызда кәсіпкерлердің демеушілігімен игі істер атқарылып келеді. Соның жалғасы ретінде жаңадан ашылғалы отырған саябақтағы балалар ойын алаңының ашылуына куә болып отырмыз. Бұл балалар ойын алаңында  ата-аналар бүлдіршіндерін ойнатып, өздері де  субұрқақтың жанында демала алады, — деді.

 

Кішкентай балғындар асыр салып ойнайтын алаңға демеушілік еткен «Burakz» ЖШС жетекшісі Талаптан Дауылтаев. Ойын алаңының құрылысына 1 млн. 500 мың теңге жұмсалған.

Ені 20 метр, ұзындығы 20 метр аумақты алып жатқан алаңда сырғанақтар, әткеншектер және керме сынды қондырылғылармен қоса арнайы құм төселген жер де бар. Ойын алаңында тәулігіне 350 баланың емін-еркін асыр салып ойнауына мүмкіндік бар.

Шарада ауыл тұрғыны Звайра Жақсығалиева шашу шашса, ауыл кәсіпкері Танат Ізтілеуов бүлдіршіндерге тәттілер таратты.
Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы