20.06.2019, 12:32
Қараулар: 448
 Қаратөбеде «Борышкер» шарасы өтуде

 Қаратөбеде «Борышкер» шарасы өтуде

      18 маусымнан бастап Қаратөбеде жазадан бұлтартпау принципін қамтамасыз ету, аудан аумағында  әкімшілік айыппұлдарды уақытында өндіру мақсатында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы басталды.

Аталған шара мүдделі орындардың  бірлесіп  әрекет етуін қамтамасыз етеді.

 

Полиция аға лейтенанты  Алтынбек Бақытжанұлының айтуына қарағанда он күн өтетін шараның алғашқы күндерінде жергілікті полиция қызметі  бөлімшесінің учаскелік полиция  инспекторлары, жол және көші-қон полициясының инспекторлары айыппұлдарын өз еріктерімен  төлемей жүрген құқықбұзушылардың  тұрғылықты мекен жайларын анықтап, тізімге сай өткен 2018 жыл және ағымдағы жылдың осы кезеңіне дейін салынған айыппұлдарды өндіру жұмыстарымен айналысуда.

 

                                                                  Ерболат РАЙСОВ,

                                                                  Қаратөбе ауданы