31.10.2019, 9:59
Қараулар: 37
Қаратөбеде Еңсеп палуанды еске алуға арналған республикалық турнир өтуде

Қаратөбеде Еңсеп палуанды еске алуға арналған республикалық турнир өтуде

Бүгін Қаратөбе ауданында 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен тұңғыш абсолюттік чемпион Еңсеп Досқалиевті еске алуға арналған республикалық турнир өтуде.

Аталмыш турнирге көршілес Ақтөбе, Атырау облыстарынан және Орал қаласынанан, облыс аудандары Шыңғырлау, Сырым, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Бәйтерек, Ақжайық, Жәнібек, Жаңақала, Қаратөбе аудандарынан турнир ержесіне сай 8 түрлі салмақ дәрежесі бойынша жалпы саны 220-ға тарта жас палуан қатысуда.

Турнирдің ашылу салтанатын аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Иманғалиев кіріспе сөзбен ашып, жарысқа қатысушы жас палуандарды турнирдің ашылу салтанатымен құттықтады.

 – Қасиетті Қаратөбеден көптеген спорт саңлақтары шығып келеді. Солардың қатарында кеше ғана қол күресінен үлкен жетістікке жеткен Ержан Ерболаттың жеңісін мақтан етуге болады. Еңсеп бабамыздың ізбасарлары да жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Бұл аудан спортын дамытудағы аудан спортшыларының жемісті еңбегі. Еңсеп палуанның күрес өнеріндегі еңбегін дәріптеу мақсатында өткізіліп жатырған тунирге қатысушы еліміздің түпкір-түпкірінен келген палуан жас өрендер мен спорт жанашырларына табыс, баршаңызға сәттілік тілеймін, — деді Рашит Нәсіпқалиұлы.

         Турнирге қатысушы Еңсеп палуанның ұрпақтары сөйлеп турнирді ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жас өрен спортшыларға сәтті қадам тіледі.

 Күрес тәртібімен турнирдің бас төрешісі Артур Шерғалиев таныстырды. Турнир балғын палуандардың белдесуімен жалғасуда.

Ерболат РАЙСОВ,

Қаратөбе ауданы