28.02.2019, 19:10
Қараулар: 92
Қаратөбеде «Жайық толқыны» фестивалі өтті

Қаратөбеде «Жайық толқыны» фестивалі өтті

27 ақпан күні Шөптікөл ЖОББ мектеп-балабақшасының базасында Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының ұйымдастыруымен аудандық «Жайық толқыны» өлкетану фестивалі мәреге жетті.

 

Аталмыш байқауға ауданның он орта мектебі және бір қосымша білім беру ұйымының оқушылары қатысып, өнерлерін ортаға салды.

Өнерлі оқушылар «Әдеби-шығармашылық», «Көркемдік-эстетикалық» және «Сәндік-қолданбалы өнер» бағыттары бойынша сынға түсті.

– «Жайық толқыны» өлкетану фестивалінің қорытындысында  «Жас ақын» бөлімінде  Қаратөбе мектеп-гимназиясының оқушысы Саябек Бисенғали І орыннан көрінді. Мұхит атындағы ЖОББ мектебінің командасы «Жас талант» бөлімінде І орынды иеленсе, «Жас шебер» бөлімінде  аталмыш мектептің оқушысы Фатима Аманбаева І орынды жеңіп алды.

Ал «Жас суретші» бөлімінде Қалдығайты ЖОББМ-нің оқушысы Нұрқыз Сабырова, Мұхит атындағы  ЖОББМ-нің оқушылары Мерей Бақытжанова «Жас дизайнер» бөлімінде, Нұрайым  Серікова  «Жас аспаз» бөлімінде фестиваль жеңімпаздары атанды, — дейді Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының ұйымдастырушы педагогы Әсел Жолдасқалиқызы.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне  аудандық білім беру бөлімінің дипломдары мен  алғыс хаттары табысталды.

Наурыз айында өтетін облыстық кезеңге жеңімпаз атанған оқушылар жолдама алды.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы