27.02.2019, 21:57
Қараулар: 188
Қаратөбеде «Көктем – 2019» оқу-жаттығуы өтті

Қаратөбеде «Көктем – 2019» оқу-жаттығуы өтті

 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ТЖ комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес Қаратөбе ауданында «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Оқу-жаттығуда бас қосқан аудандағы төтенше жағдайлар бөлімі мен өзге де құрылымдар қызметкерлері су тасқынына, төтенше жағдайға жол бермеу және алдын алу шаралары жайында кеңесті.

 

 

 

 

 

 

 

Аталған шарада ауыл іргесінде сап түзеген аудандық шұғыл әрекет ету жасағының саптық байқауы өткізілді. Саптық байқауға аудандық шұғыл әрекет жасағының 31 техникасы мен 101 адам қатысты. Жасақтың дайындық жұмысымен аудан әкімі Жанат Асантаев арнайы танысты.

  • Оқу-жаттығу жоспарына сай алдымен олардың дайындығы, төтенше жағдай орын алған кездегі іс-әрекеттері толық тексерістен өткізілді. Техникалардың сақадай сайлығы, бұл саладағы мамандардың біліктіліктері іс жүзіндегі жағдайға сәйкес әрекет етуі толық қадағаланды. Оқу-жаттығу өз мақсатына жетті. Аудандық шұғыл әрекет жасағы алдағы көктем кезеңіндегі су тасқынына толықтай дайын, — дейді аудандық ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Ысқақов.

Командалық-штабтық оқу-жаттығуда мекеме-кәсіпорындардың су тасқынының алдын алу шараларына дайындықтарын тыңдаған аудан әкімі Жанат Асантаев әр іске жауапкершілікпен қарауды, төтенше жағжай орын алса жедел әрекет етуді тапсырды.

 

Серкікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы