9.11.2018, 17:03
Қараулар: 150
Қаратөбеде «Мектепке жол» акциясы аясында 1630 оқушыға 6 млн. 467 300 теңгеге көмек көрсетілген

Қаратөбеде «Мектепке жол» акциясы аясында 1630 оқушыға 6 млн. 467 300 теңгеге көмек көрсетілген

Бүгін Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

 

Жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан күн тәртібіне бірнеше мәселе қойды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев «Мектепке жол» акциясының қорытындысы жөнінде баяндама жасады.

– Акция барысында мектеп жасындағы балаларды есепке алу, мектепке бара алмайтыңдардың алдын алу мақсатында барлық мектептер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.

Аталмыш акция бастау алған күннен бастап мекеме ұжымдары, кәсіпкерлер мен демеушілер, шаруа қожалықтары, ауыл тұрғындары және мектеп мұғалімдері балаларға қамқорлықтарын аямай көмек қолын созды.

Аудан бойынша «Мектепке жол» акциясы аясында 1630 оқушыға 6 млн. 467 300 теңгеге көмек көрсетілді, — деген Берікжан Ғарапшаұлы атьалған акция туралы облыстық, аудандық газет беттерінде жарық көрген мақалалар турасында және  республикалық акция аудан көлемінде жоғары деңгейде өткендігін атап өтті.

Сонымен қатар алқалы жиында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жағдай жасау, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар және білім беру ұйымдарындағы ыстық тамақтың ұйымдастырылуы сынды мәселелер бойынша мектеп директорлары баяндап берді.

Жиын соңында комиссия төрағасы Жасұлан Кәрелұлы тиісті мекеме басшыларына, мектеп директорларына алдағы уақытта атқарылуға тиісті мәселелер жөнінде тапсырмалар берді.

 

 

Райымбек АБАЙ,

Қаратөбе ауданы