14.03.2019, 18:14
Қараулар: 336
  Қаратөбеде қайырымдылык дүкені ашылды

  Қаратөбеде қайырымдылык дүкені ашылды

 Бүгінгі көрісу күні мерекесінде аудан жастарының бастамасымен «Мейірімді көктем» акциясы аясында «Қайырымдылық дүкені» өз  жұмысын жалғастырды. 

 

Аты дүкен болғанымен, мәнісі тереңде жатырған осы нысанды ашу көпшіліктің көмегімен жүзеге асып отыр. Қаражатты қажет етпейтін сауапты іс былтырғы жылы бастау алған болатын. Былтыр ұйымдастырылған бастамада аудан бойынша 200-ге жуық отбасына киім-кешекпен көмек көрсетілген еді.

–   Өткен жылы ұйымдастырылған шара биылғы жылы да жалғасын тауып отыр. Қайырымдылық дүкені 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне дейін жалғасатын болады. Бүгіннің өзінде әкелінген киімдер аз қамтылған жанұяларға таратылып берілді.  Аудан тұрғындарынан өздерінің  пайдаланғысы келмеген бүтін киімдері болса осы қайырымдылық дүкеніне тапсыруын сұраймыз. Пайдаға асатын киімдерді далаға лақтырылмай,  мұқтаж жандар жаратсын деген ойдамыз, — дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі  ресурстық орталығының басшысы Элдар Ниязбекұлы.

 

 

 

 

 

 

 

Мереке аясындағы қайырымдылық шаралары мұнымен шектелген жоқ. Айтулы мерекеге орай ел азаматы, Аққозы ауылдық округіндегі «Қоржын» шаруа қожалығының жетекшісі, облыстық мәслихаттың депутаты Құсайын Мұқанов аудандағы 10 отбасына  25000 теңге көлемінде наурыз қоржынын табыстады.

Құсайын Ізімұлы бұдан бұрын да қайырымдылық шарасын қолға алып келе жатырған аудан азаматы.

 

                                                                                                 Ерболат РАЙСОВ,

Қаратөбе ауданы