8.08.2019, 16:29
Қараулар: 544
Қаратөбеде қос ауылдың бас жоспары жасақталды

Қаратөбеде қос ауылдың бас жоспары жасақталды

Бүгін Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ауданның Сулыкөл, Қоскөл ауылдарының бас жоспарының жасақталуына байланысты жиналыс оздырылды. Жиналыста қос ауылдың бас жоспарын «Табрис» ЖШС директоры  Бақтияр Сұлтан  таныстырды. 

 

 

 

 

 

 

– Қаратөбе ауданының Қоскөл және Сулыкөл  ауылдарының бас жоспарымен біріктірілген нақты жайғастыру жобасының негізгі мақсаты – қызыл сызықтар және құрылыс салуды реттеу сызықтарын, елді мекенге әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету обьектілерін орналастыруды, көше жол желілері мен көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды, көшелердің көлденең профильдерін, аумақтық көгалдандыру және абаттандыруды, басқа да талаптарды көрсете отырып, функционалды-қала құрылыстық аймақтандыруды анықтау болып табылады.

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері: Бастапқы жыл — 2018 жыл, Бірінші кезең – 2025 жыл; Есептік мерзім – 2035 жыл, — дейді қос ауылдың бас жоспарын жасақтаушы «Табрис» ЖШС директоры Бақтияр Бектұрсынұлы.

Жиналысқа төрағалық етуші аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, Сулыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Тоймырза Нұрбергенов өз пікірлерін білдіріп, бас жоспарды бірауыздан мақұлдайтындықтарын айтты.

Жиналысқа аудандық қала құрылысы, сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Рамазан Қыдырашев, сала мамандары мен аудан орталығындағы мекемелер басшылары қатысты.

 

                                                                           Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                                    Қаратөбе ауданы