28.03.2019, 18:14
Қараулар: 79
Қаратөбеде ҰБТ сынағының ақылы кезеңі өтті 

Қаратөбеде ҰБТ сынағының ақылы кезеңі өтті 

Бүгін Қаратөбеде аудан орталығындағы Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында орналасқан №846 ҰБТ өткізу пунктінде мектеп түлектеріне арналған білім сынағының ақылы кезеңі өтті.

Оған ауданның 12 мектебінен ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген 123 талапкер қатысты. ҰБТ өткізу пунктінде екі аудиторияда тест тапсырушыларға барлық жағдай қарастырылған.

Сынақ тапсыруға берілген 3 сағат 50 минут уақыт ішінде тест тапсырмасын қаратөбелік түлектер белгілеп шықты.

Қаратөбе ауданы бойынша ҰБТ-ға қатысқан 123 түлектің ішінде шығармашылық емтихан тапсыратын оқу орнын таңдаған 14 оқушы Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы пәндерінен сынақ тапсырды.

 

Білім сынағының қорытындысында аудан бойынша орташа балл көрсеткіші – 75,73. Ең жоғары  123 баллды Назира Серікова жинады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне енген өзгерістеге байланысты түлектер бір жылда төрт рет тестілеуге қатыса алады.

Мемлекеттік грантқа үмітті талапкерлер үшін тест маусым айында өткізілетін болады.

 

 

 

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

                                                              Қаратөбе ауданы