14.06.2019, 17:14
Қараулар: 651
Қаратөбеде өнегелі өмір иесімен кездесу өтті

Қаратөбеде өнегелі өмір иесімен кездесу өтті

Бүгін Қаратөбе аудандық орталық кітапхана саласында ұзақ  жылдар еңбек еткен ардагер Тәтті Оханованың 70 жас мерейтойына арналған «Өнегелі өмір иесі» атты кітапханашы бенефисі өтті.

Тәтті Қажбанқызының өмірі мен еңбек жолына арналған шараға бұрынғы әріптестері, қыздары және кітапхана оқырмандары қатысты.

Кітапхана саласында қызмет ете жүріп, мәдени іс-шараларға қатынасып, қызмет пен домбыраны бірге алып жүрген өнегелі жан туралы замандастары тебірене әңгімелеп берді.

Әріптесі әрі құрбысы болған Сәния Сәндібекова, Гүлсара Шүңірекова Тәтті Қажбанқызының қызмет бабындағы алғырлығы, еңбекқорлығы мен ортасына сыйлы болғандығы туралы айтса, қызы Венера анасының отбасына, балаларына деген мейірімділігі, қамқорлығы туралы сыр шертті. Қазіргі таңда ана жолын жалғап Ханкөл ауылдық кітапханасында қызмет атқарып жүрген Венера қобызбен әсем әуен орындап берді.

Шара соңында аудандық орталық кітапхананың директоры Гүлбану Салауатқызы өнегелі өмір иесін мерейлі жасымен құттықтай отырып, жастарға үлгі болатын тұлға екендігін тілге тиек етті.

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы