15.03.2019, 19:36
Қараулар: 364
Қаратөбеде  «Bastau» мега жобасы бастау алды

Қаратөбеде  «Bastau» мега жобасы бастау алды

Бүгін Қаратөбе колледжінің ұйымдастыруымен жас әншілердің «Bastau» мега жобасының іріктеу кезеңі өтті.

Ауданда тұңғыш рет өткізіліп отырған жобаға 13-16 жас аралығындағы кәсіби немесе әуесқой әншілер қатысты. Конкурстың мақсаты  ән өнерін насихаттау және талантты жастарды анықтап, шығармашылығын шыңдау. Өнер додасының іріктеу кезеңіне ауданымыздың елді мекендерінен 30-дан аса талапкер бақ сынады. Түрлі тақырыпта ән шырқаған өнерпаздар, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.

Байқау шарты бойынша үздік деп танылған 14 қатысушы екінші кезеңде өнер көрсетеді. Байқаудың екінші бөлімінде еркін тақырыпта ән шырқап, қойылым дайындайтын болады.

Үміткерлердің өнерін    аудандық балалар саз мектебінің директоры Аягүл Бисенғалиева мен халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Рүстем Ақташев бастаған қазылар алқасы бағалайды.

Екінші бөлімде де жүзден жүйрік шыққан талант иесі колледж ұжымы тағайындаған 100 мың теңгенің иесі атанады. Байқаудың екінші кезеңі сәуір айында өтетін болады.

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы