12.04.2019, 15:41
Қараулар: 90
   Қаратөбеліктер де  диктант жазуға белсене қатысты

   Қаратөбеліктер де  диктант жазуға белсене қатысты

   Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың   «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты  бағдарламалық   мақаласының  2 жылдығына орай және «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша» 2019 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарлнған болатын. Бүгін облыс бойынша жалпыхалықтық диктант жазу шарасына қаратөбеліктер де белсене қатысты. 

Қаратөбедегі «Ұлы дала өркениеті» тақырыбында жарты сағаттық   диктант жазу аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі базасында, Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің  және Қаратөбе мектеп — гимназиясының бірнеше сынып бөлмелерінде, аудан орталығындағы  басқа да көптеген мекемелердің қызмет орындарында, аудан окуругтерінде өтті. Жалпы аудан бойынша диктант жазуға    500-ден астам  адам қатысты.

 

                                                                        Ерболат РАЙСОВ,

                                                                        Қаратөбе ауданы