20.02.2019, 16:09
Қараулар: 347
Қаратөбелік өрендер ел чемпионатына қатыспақ

Қаратөбелік өрендер ел чемпионатына қатыспақ

Жуырда Орал қаласында қазақ күресінен 1999-2001, 2002-2003 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионатты өткен болатын.

Чемпионатқа 300-ге жуық балуан өз өңірлерінің намысын қорғай барды.

Қаратөбе балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Жақсат Қажымов пен Роман Сыдықовтың баптаған жас балуандары бабында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қаратөбелік оғландар облыс орталығында атой салып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Аталмыш жарысқа ауданымыздан 13 балуан іріктеліп барып, оның 5-еуі ептіліктері мен қайсарлықтарының арқасында қарсыластарынан  айласын асырды.

Атап айтар болсақ +90 келі салмақ дәрежесінде Әлішер Идешов, қыздар арасында +70 келіде Данагүл Зейнуллина, 81 келіде Дәулет Ғабитов, 51 келі салмақта Мұқағали Өтеповтер алтын медалға ие болды.

Сонымен қатар 51 келі салмақта Дәулет Болатов қола жүлдені қанжығасына байлады.

Дода жеңімпазы болған төрт балуанымыз наурыз айында Ақтөбе қаласында өтетін ел чемпионатына жолдама алды.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы