5.04.2019, 16:10
Қараулар: 374
Қаратөбе мәслихаты 25 жылдығын атап өтті

Қаратөбе мәслихаты 25 жылдығын атап өтті

Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихатының құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті. Шараға аудан әкімі Жанат Асантаев, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыстық мәслихат аппараты басшысының орынбасары Есентай Қалиев, облыстық мәслихат депутаты Құсайын Мұқанов пен аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары мен сала ардагерлері қатысты.

Салтанатты шарада аудан басшысы Жанат Асылханұлы мен Мәлік Иманқұлұлы көпшілікті айтулы күнмен құттықтап, аудандық мәслихаттың коғамдағы рөлі туралы атап өтті.

Облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшар ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 25 жылдығына орай аудан әкімі Ж.Асантаевқа, ардагер мәслихат хатшысы Б.Тойшыбаевқа және аудандық мәслихат депутаты Н.Меңдешовке алғыс хат табыс етті.

Жиын барасында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарының құттықтау хаты мен III-IV шақырылымдағы облыстық мәслихат депутаттары Шолпан Қыдырниязова мен Ғалия Сеғалиеваның бейне жазба түріндегі құттықтаулары назарға ұсынылды.

«Ел игілігіне қызмет ету – мәслихат мақсаты» тақырыбында баяндама жасаған аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев:

–  Осы 25 жыл ішіндегі алты шақырылымда  Қаратөбе аудандық мәслихатына 72 депутат сайланды. Олардың 18-і (25 пайызы) әйелдер. Ауданымызды мекендейтін өзге ұлт өкілдерінен депутат деген мәртебелі атаққа 1 неміс ұлтының өкілі ие болып отыр.

Халық сайлайтын аудандық мәслихат депутаттары да тынымсыз еңбек, жауапкершілікпен   жаңашылдықты ұстана отырып, табысқа жететін қоғамды қалыптастыруды өздерінің негізгі ұстанымы деп біледі. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылуының 25 жылдығы өткенімізді саралап, болашаққа жаңа тың мақсаттар қоюымызбен айқындалады. Осы алтыншы шақырылым депутаттарының  қысқаша өмірбаяндарымен  республикада «Депутат энциклопедиясы» кітабы шығарылды, — деп аудандық мәслихаттың атқарған жұмыстары туралы баяндады.

Қаратөбе аудандық мәслихатының 25 жылдығына орай сала ардегерлері, бірқатар бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мәслихат хатшысы Қ.Орынбасарұлының алғыс хаттарымен марапатталды. Айтулы мерекеге орай Қаратөбе аудандық мәслихатының VI шақырылымдағы депутаттарының атқарған жұмыстары туралы дайындалған фото-альбом М.Мералиев атындағы тарихи-өлкетану музейіне табысталды.

 

 

Қаратөбе ауданының жергілікті өкілді органы 25 жыл ішінде жергілікті тұрғындардың құқығын көздейтін және олардың еркін білдіретін мемлекеттік орган ретінде сапалы жұмыс атқарып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы